Аққалалықтар ұстаз есімін мектепке сұрайды

 Аққала ауылдық мәдениет үйінде «Ұстаздық ұлағаты мәңгілік...» атты еске алу кеші өтті.

Аққала ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Рафаэль Демеуұлының жетекшілігімен дайындалған, домбыра, вокалдық ансамблімен дайындалған «Ұстазыма» атты әнмен шымылдығы түрілген кеште ұстаздың немересі, Аққала орта орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, аудандық «Дендер» газетінің штаттан тыс тілшісі Есқалиев Гүлнафистің әзірлеген слайды көрсетілді.

Өз кезегінде ауыл өнерпазы Кенжеғалиева Асылзада, Елтай ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Қабдолов Сабыржан әуелете ән шырқаса, Аққала ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Раушанов Марат пен Аққала орта мектебінің директоры Құспанов Нұртас сөз сөйлген соң ұстаздың немересі Есқалиева Асылзада «Асыл әжем» әнін әуелетті.

shara

Ал балалық бал дәуреннен бастап, институт қабырғасында бірге оқып, кейін ауылдың құрдас азаматтарына жар болып, әрі жұмыстас әрі жан құрбысы болған Әбдешова Зейнеп апай, ұзақ жылдар бір ұжымда қоян-қолтық жұмыс жасаған әріптестері Ибрашева Күнжамила, Қидашева Күлима, Сағынова Сәбила апайлар, Қосжанов Мақсот ағай өз естеліктерінде Әмина апайдың азаматтық, адамгершілік қасиеттерін, ұстаздық келбетін сыр етіп шертті. Қасиетті мекен – Аққала ауылында Әмина апайдың алдынан өтпеген, тәлім алмаған жан жоқ... Оның дәлелі-ауыл жұртшылығының, ұстаздар қауымының белсене қатысуы деп айтуға болады.

Әмина апай - шәкірт алдында адал, өзіне де, өзгеге де әділ бола білген ұстаз. Сонымен қатар өз кезегінде сөз алған ауданға белгілі ұстаз, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Қымбат Кәрім апай, ардагер ұстаз Ибрашева Күнжамила апайлар қазіргі Аққала орта мектебіне Қабдешова Әмина апайдың есімін беру туралы ұсыныс тастап, жиналған ауыл тұрғындары бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, кеште Әмина апайдың отағасы Есқалиев Әбіл атадан 26 жасында айрылып, соңында қартайған ата-анасы Есқали мен Орынай, үш баласы Марат пен Гүлсім, Жанармен қалса да қиындыққа мойымай өз бойынан күш-жігер таба білген ол ауыл өмірінің қоғамдық жұмыстарына да белсене араласқандығы, мектеп салу, үлкендердің зейнетақысын рәсімдеп беру секілді қарапайымдылығы да айтылмай қалмады. 

Айтқан сөзінде біліктілік, істеген ісінде көрнекілік, берген тәрбиесінде ұлағаттық, өнегелілік сайрап жатқан Әмина апайдың ұрпақтары бүгінде аналарын, әжелерін мақтан етеді.

Елім деп соққан жүрегінің қалауын орындаған, адал тірлігінің арқасында артына өзінің өшпес ізін қалдырған, елінің құрметіне бөленген қоғамдық өмірдегі толымды тұлғалық бейнесін қалыптастырған оның өмір жолы тек артында қалған ұрпағына ғана емес, кейінгі жастарға үлгі-өнеге.

Өйткені, оның қалдырған ізі тарихтың үлкен белестерінде, халқының жүрегінде мәңгілік сайрап тұр. Ұстаздық ұлағаты мәңгілік...

КАМАЛИДЕН ІЗІМОВ,

Аққала ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521