Ақ халаттылар алғысқа бөленді

Алғыс айту және Қазақстан халқы Ассамблеяның 25 жылдығына орай аудандық орталық аурухана ұжымы әлеуметтік қолдауды қажет ететін кенттегі жалғызбасты, жағдайы төмен отбасыларға қамқорлық танытып, азық-түлік үйлестірді.

Аурухананың кадрлық бөлім мамандары Г.Атабаева мен Г.Құсайнова, әлеуметтік қызметкер З.Серікқалиева және статист маман Д.Қадырғалиев бастаған топпен алдымен Тайсойған көшесі №7/17 көпқабатты үйде тұратын 72 жастағы жалғызбасты П.Ереминнің үйіне табан тіредік. Жолдасы мен баласынан айырылған ақсақал үйдегі тірлікті өзі атқарып отыр. Жалғыз сүйеніші қызы да өз теңін тауып бөлек кетіпті. Ұлты орыс болса да, жүрегі қазақ деп соғатын Павел ақсақал қазақшаны таза сөйлеп тұр.

eremin

-Жұбайымнан бір ұл, бір қыз қалды. Балам жүйке ауруымен ауыратын, осыдан 5 жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кетті, - деп налиды ол.

Бұдан соң «Барлаушы» мөлтек ауданында тұратын Рания Мұхамбетжанова есімді ұлты татар әжейдің үйіне бардық. Өмірге 8 ұрпақ әкелгенімен, үш ер баласы о дүниелік болып, жат жұрттық саналатын бес қызы өз отбасыларымен Ресей еліне қоныс аударып кеткен екен. Жалғызбасты кейуана тағдыр тауқыметін де аз тартпаған. Жастық шағы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарымен тұспа-тұс келгенін, сол кезде бала боп ойнамағанын, көрген қиындықтарын айтып көзіне жас үйірді. Алайда үкімет тарапынан барлық қолдау көрсетіліп келетініне риза, бізге де қол жайып батасын берді.

apaj

bata

Топ мүшелері тағы да осындай тұрғындарға барып аурухана басшысы Бауыржан Төлеген бастаған ұжым атынан мерекелік құттықтауын жеткізіп, денсаулықтарын тексерді. Әкелген азық-түліктерін табыстап, алғысқа бөленді.

Міне, қамкөңіл жандардың жүзіне жылу ұялағанын көрудің өзі керемет сезім емес пе?! Иә, халқымыз «Өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла, өз пайдаң соның ішінде», – деп бекер айтпаса керек.

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT