АМӨЗ тыл еңбеккерлері мен ҰОС ардагерлерінің жесірлерін мерекемен құттықтады

Қалыптасқан дәстүрге сай Жеңіс күні қарсаңында Атырау МӨЗ ұжымы зауытта қызмет атқарған тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлерін мерекемен құттықтады.

Персоналды басқару бөлімінің мамандары, кәсіподақ ұйымының өкілдері мен зауыттың жастар кеңесінің мүшелері қариялардың үйлерін аралап, азық-түлік себеттері мен қаржылай сыйақы табыстады. Қарттар соғыс жылдарындағы қиын күндерді еске алып, жастарға бата беріп, кәсіпорын басшылығына ризашылықтарын жеткізді.

Саналы ғұмырын зауытқа арнаған тыл еңбеккерлерінің бірі – Мәрия ҚАБИЕВА. Соғыс басталғанда оның жасы 13-тен енді асқан болатын. Өрімдей қыз майдан шебіндегі жауынгерлерді азықпен қамтамасыз ету үшін ересектермен бірге егін егіп, еңбекке ерте араласқан.

«Бейбіт өмірдің қалай келгенін ұмытпаңдар. Қаншама жас төгілді, қанша өмір қиылды... Ерліктің барлығы еліміздің егемендігі жолында жасалды. Болашақ сендердікі. Еліміздің көк туын еш түсірмеңдер», – деді 91 жастағы кейуана.

Атырау мұнай өңдеу зауытында Ұлы Отан соғысының 300 ардагері қызмет еткен. Бүгінде арамызда екі ардагердің жесірі мен 9 тыл еңбеккері бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521