АМӨЗ су тасқынына қарсы іс-шараларды аяқтауда

Атырау мұнай өңдеу зауытының және мердігер компаниялардың жедел штабы мен жұмылдыру тобы қаланың түрлі аудандарында және қала маңында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуді жалғастырып жатыр.

Атап айтқанда, зауыт қызметкерлері Соколок каналы аймағында («Сасық сай» булану алаңы) екі бөгет тұрғызуда. Қазіргі кезде ұзындығы 660 метр болатын бөгеттің құрылысы аяқталып, биіктігін 2,1 метрге дейін көтеру жұмыстары жүруде. Екінші 925 метрлік дамбыны салу және нығайту жұмыстары аптаның соңында аяқталады деп жоспарланған. Өндірістік активтерді су басудан қорғау мақсатында зауыт территориясы мен нысандарының айналасында бөгет тұрғызылып, периметр бойынша қоршауды нығайту және герметизациялау жалғасуда.

Бұдан бөлек Геолог және Томарлы елді мекендерінде жалпы ұзындығы 1 690 метрді құрайтын бөгеттің құрылысы аяқталып жатыр. Балдың бір шақырымнан астам бөлігін тұрғызу, нығыздау және биіктігін көтеру жұмыстары мәресіне жетті. Қалған 625 метрін салу және биіктігін 7 м дейін көтеру 95%-ға орындалды. Жағаны бекіту жұмыстары тәулік бойы, бөгеттер мен қорғаныс құрылыстарын салу технологиясының барлық нормаларына сәйкес жүргізілуде.

Су тасқынына қарсы шараларға Атырау мұнай өңдеу зауыты мен мердігер компаниялардың 250 қызметкерінен бөлек 70-тен астам әскери қызметші, сондай-ақ жергілікті тұрғындар атсалысуда. Жұмыстарға 30-ға жуық арнайы техника тартылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521