Алғаш рет дауыс берді

Сайлаушылардың арасында кәмелет жасқа толып, алғаш рет дауыс беріп жатқандар да бар. Соның бірі Өрлік тұрғыны Қибаш Тілеген Жасұланұлы биылғы тамыз айының 2-ші жұлдызында 18 жасқа толған.

Ол ауылдағы сайлау учаскесіне ертемен барып, өз таңдауын жасады. Әрі учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің қолынан сыйлық алды.

—Референдумға қатысуға болатынын естігенде қуандым, әрі сұрақ қойып қала ма деп қобылжығаным да рас. Сондықтан да сайлауға келмес бұрын референдуммен танысып шықтым. Ал сайлау учаскесінде бәрін оңтайлы жасап қойған екен. Еш қиындықсыз даусымды беріп шықтым. Елімнің болашағы үшін үлесімді қосып жатқаныма қуаныштымын, – дейді Тілеген Жасұланұлы.

С. Сансызбайұлы Өрлік ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT