Әлеуметтің әл-ауқаты басты назарда

«Nur Otan» партиясының облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер құрамында «Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы», аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұқанов, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Абдулла Идресов, «АВ Меdical» ЖШС директоры Айбек Габдуллин бар арнайы топ ауданға келді. «Талап» сауда орталығында сайлаушылармен кездесіп, «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға жоспарланған іс-шараларымен таныстырды.

Биылғы жыл кім – кім үшін де оңай жыл болмағаны анық. Десек те, мемлекеттің дер кезінде қабылданған шараларының арқасында кездескен қиындықтар еңсеріліп келеді. Қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып жаңа жұмыс орындарын ашуда ілгерілеушілік бар.

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының шеңберінде 10 инфрақұрылымдық жобаларға 1,7 мың адамды жұмысқа орналастыру көзделіп отыр. Оның ішінде 800 адам Индер ауданы әкімдігі мен халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жіберу жоспарланып отыр. Мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы арқылы жыл сайын 300 адам жұмысқа тартылатын болады. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 17 жобаға қайтарымсыз гранттар беру де басты назарда.

kandidatnurotan

Әсіресе «Еңбек» бағдарламасы арқылы қысқа мерізімді кәсіптік оқытуға 1,5 мың адам оқытылмақшы. Сондай-ақ өз кәсібін ашқысы келген азаматтарға 75 гранттар мен 200 адамға несие беру де жоспарланып отыр.

Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясының Индер аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Қарашина, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының Индер газ шаруашылығының директоры Сағидолла Құлғалиев сөйлеп, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге баса назар аударып отырған партияға дауыс беруге шақырды.

С. КӨШЕКОВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521