Әлеуметтік сала қызметкерлері күні аталды

Бүгін Бөдене ауылдық округінің мәдениет үйінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.

Шарада аудан басшысының орынбасары Дарын Шамұратов сөз алып:

- Мемлекеттегі әлсіз топтарға жағдай жасап, қамқорлық танытып, оларға мейірімін төгіп жүрген әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін елеп, 2011 жылы Елбасы қазан айының соңғы жексенбісін датылы күн етіп белгілеп, Жарлығымен бекіткен болатын. Сол салада ауданымызда да көптеген істер атқарылып жатыр, - дей келе,

кәсіби мерекелерімен құттықтап, қажырлы еңбектерімен аудан дамуына сүбелі үлес қосып, аянбай қызмет етіп жүрген аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ж.Иғалиев, маман Д.Мусина, аудандық жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас мамандары С.Есекенова, М.Жаңабаеваға облыс әкімі, аудандық жұмыспен қамту орталығының консултанты А.Ермұханова, «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша аудандық бөлім басшысы Г.Жалғасбаева, кенттің әлеуметтік сала бойынша бас маманы А.Хамзина, Жартылай күндізгі стационарық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі коммуналдық мемекеттік мекемесінің қызметкері Г.Сапароваға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.

zhin111

Ал өз кезегінде аудандық жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Серікқалиева жұмыспен қамту орталығының Алғыс хатын Көктоғай округінің асистенті О.Сұлташева мен Есбол ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Ә.Бақтығожинаға ұсынды.

zhin2

Мерекелік шараға сала ардагерлері де шақырылып, құрмет көрсетілді. Солардың ішінен сөз алған зейнетақы төлеу орталығының бұрынғы басшысы, ардагер А.Ерекешова да еңбек жолындағы қиындықтарға тоқтала келе, қазір қағазбастылық жеңілдеп, электронды нұсқада үйден де құжат тапсыра беруге болатынын жеткізіп, жұмыстарына саттілік тілеп, жүрекжарды құттықтауын жолдады.

zhinalys1111111111111111111

Тек кәсіп иесі ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарай алмайтын мейірлі жандарға арналған шара әрі қарай ән-күйге ұласып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

zhin3

А.БОКИРОВА

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521