Алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді іс-шаралар әзірленеді

Алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді іс-шаралар әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, Президент Жолдауын іске асыру жалпыұлттық жоспарының төртінші бағытында 6 іс-шараны іске асыру көзделген. Нақты айтанда, «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заң және жұмыспен қамтудың жаңа үлгілерін реттеу тетіктері әзірленетін болады. Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Елміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіп жатқан азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тәсілдерін қайта қарау көзделеді.

«Алтыншы бағытта 13 іс-шараны іске асыру көзделген. Ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдері әзірленеді. Депутат мандатын бөлу кезінде квотаны міндетті түрде ескеру бойынша талап заң жүзінде бекітілетін болады. Сонымен қатар, квота бөлінетін азаматтар санатының тізімін кеңейту жоспарлануда. Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру мақсатында орта мерзімді кезеңге арналған тиісті стратегиялық құжат бекітіледі. Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізіледі. Алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді іс-шаралар әзірлеу жоспарлануда», - деді Әсет Ерғалиев.

Оның атап өтуінше, жетінші бағытта 5 іс-шара іске асырылады. «Жаңа мәдениеттің дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты іс-шараларды әзірлеу жоспарлануда. Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

«Ұлттық Рухани Жаңғыру» ұлттық жобасы аясында отаншылдық, білімге құштарлық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді дәріптеу бойынша шаралар әзірлеу көзделіп отыр», - деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521