Ғаламтор алаяқтары көбеюде

Бүгінде халықтың көбі, әсіресе, оң-солын танып үлгермеген жастардың ғаламторға жіпсіз байланғанын ескерсек, алаяқтардың да сол ауылды торуылдайтыны белгілі жайт.

Интернет алаяқтар мен ұрылар заманауи трендке бейімделіп, интернет-кеңістікке шығып жатыр. Көптеген сайттар мен әлеуметтік желілерде әккі ұрылар азаматтардың банктік төлем карталары арқылы немесе сатушы ретінде сан алуан қызмет түрлерін нарықтағы бағадан екі есе төмен ұсынып, төлемнің жартысын ұялы телефоны немесе киви-әмиян арқылы алдын ала талап етеді. Аударым аяқталғаннан кейін іс-түссіз жоғалады.

Қандай жағдай болмасын белгісіз адамдарға картаның пин-кодын, шот нөмірлерін, әлеуметтік желілердегі аккаунттардың логиндері мен құпия сөздерін айтпаған жөн. Индер ауданы полиция бөлімі, аудан тұрғындарын қазіргі уақытта көбейіп отырған ғаламтор алаяқтары мен ғаламтор ұрыларының құрбаны болудан сақтануды ескертеді.

А.Құрмашева,

Индер АПБ ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторы,

полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521