Әл-ауқатты арттыру – басты мақсат

Алдағы 2025 жылға қарай «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасын жасақтап, сол арқылы елдің әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі жетілдіруді көздеген «Nur Otan» партиясының бір топ мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин, балалар және спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаев, «Индер су» ЖШС директоры Шалқар Альмурзиев Өрлік ауылдық округіне табан тіреп, сайлаушылармен жүздесті.

Кандидаттар кездесуде партияның бірнеше бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайтарды. Сұрақтардың көбі жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту бағытында өрбіді.

orlik-turgyny

Алдымен сөз алған Жанай Амантурлин халықтың әл ауқатын жақсарту партияның басты ұстанымы екенін атап өтті. Сондықтан да болашақтың еншісіндегі міндеттер көп жылдық бағдарламада көрініс тапқанын, ол жұртшылықтың жоғары бағасына ие болып отырғанын тілге тиек етті.

Партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қашанда спортты жанына серік етіп, елде бұқаралық спортты дамытуға ұдайы үндеп келеді. Осыған орай аудан көлемінде тиісті шаралар қабылданып, нақты міндеттер жүзеге асып жатқанын үміткер, партия мүшесі Мәлік Биғамбаев өз сөзінде нақтылай түсті.

Халықты ауыз сумен қамту мәселесі аудан көлемінде жан-жақты шешілген мәселелердің бірі. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асқан жұмыстардың оң нәтиже беріп отырғанын үміткер Шалқар Альмурзиевтың сөзінде анық айтылды.

almurziev

Тұрғындар арасынан сөз алған Ақжарын Габдуллина ауылда жаңадан салынған спорттық сауықтыру кешеніне жұмысқа орналасу мүмкіндігін көтерді. Ол турасында Мәлік Биғамбаев жұмысқа орналасудың өзіндік тәртібі бар екенін, ол Индер ауданының әкімдігі, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Тұрғын Салтанат Сапарова жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін берілетін грант мәселесін қозғады. Осы ретте Кенжебек Қажыкеновте мемлекеттік гратқа өз жобасын ұсынғанымен әлі күнге дейін нақты жауабы болмай отырғанын жасырмады. Өз ісін бастауға ниет етіп отырған азаматшаның сұрағына үміткер Жанай Амантурлин түсінік беріп өтті.

Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада көрініс тапты. Сол арқылы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру ортақ – міндет. Үміткерлер аудан көлемінде кәсіпкерлікті дамыту, бұқаралық спортты жетілдіру, сондай-ақ, аудан халқын ауыз сумен қамту мәселелерін қозғады. Бұл жұмыстарды жалғастыру партияның басты мақсаты екені айдан анық.

orlik-turgynyy

-«Nur Otan» партиясының сайлауалды жиналысына қатынасып отырмыз. Үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен танысып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойып тиісті жауаптарын алдық. Алдағы уақытта партия өз міндетін жүзеге асырады деген сенімдеміз. Ауылдастарымды сайлауға белсенді қатынасуға шақырамыз,-дейді ауыл тұрғыны Жанар Сағиеваны сөзге тартқанымызда.

Тұрғындармен кездесуде айтылған мәселелер партияның сайлауалды штабына жеткізіліп, сол бойынша тиісті шаралар қабылданбақ. Өз кезегінде тұрғындар еліміздің бас партиясына сенім артатынын айтты.

Сұңқар КӨШЕКОВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521