Аймақта мешіттер саны көбеюде

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров мәлімдеді.

“Қазіргі уақытта аймағымызда бес мешіт салынып жатыр. Мешіттің екеуі Қызылқоға ауданында, біреуі Махамбетте, біреуі Құрманғазыда, біреуі Исатай ауданында. Бұған қосымша үш мешіттің құрылысы жобада тұр. Атыраудың облыс орталығынан 5000 орындық алып мешіт орнату да жоспарда бар. Және Еркінқала ауылынан, Талқайраң ауылынан мешіт орнату жобасы жасалды.

Мұның барлығы бірден емес, үлкен дайындықпен келіп жүзеге асырылатын дүние” деп нақтылады Бас имам Батыржан Мансұров.

“Atr-Ақпарат”

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521