Айбаттың алған асуы

Төтенше жағдай кезінде үйден шықпай, тікелей эфир арқылы түрлі байқауларға қатысып, бағы жанып жүрген жастар жетерлік. Солардың бірі индерлік – Айбат Сансызбаев.

Ол таяуда Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырған «Ұлы Жеңіс мәңгі есте сақталады» атты республикалық Интернет байқауында қатарластарын қапыда қалдырып, жүлделі 3 орынды еншіледі. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған азаматтардың ерлігі, олардың отансүйгіштік, адамгершілік, адамдық қасиеттерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында байқауда жас буын ауданның Құрметті азаматы, атасы Сансызбай Базарбаевтың жерлес батыр Боран Нысанбаевтың ерлігі туралы «Боран батыр» поэямасын оқып шықты.

-Биыл Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай майдангер ата-апаларымызға тағзым ретінде осы бір шығарманы таңдадым. Сол арқылы жүлдегер атандым. Мен де өзімнің достарым мен сыныптастарыма осы атамның жазған «Боран батыр» поэмасын ерінбей оқып шығуға кеңес беремін,-дейді байқауда бағы жанған "Көктем" қазақ орта мектебінің оқушысы.

Міне, көгілдер экран арқылы сөз мағынасына үңіліп, атасының жыр-шумақтарын көпшілікке жеткізген Айбатқа бүгін аудандық кітапхананың кітапханашысы Гүлзина Азанова марапат қағазы мен ақшалай байрағын табыс етті.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521