Жастар орталығында жалғасқан кездесуде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, республикалық халықтық штаб өкілі Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы белсенді ардагерлермен кездесіп, АЭС туралы түсінік берді.
Атом электр стансасын салу ұзақ мерзімге созылғанымен тиімділігі мол екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, энергия құнының төмендеуі, тапшылықты жоюы, шет елдерге тәуелділіктің азаюы сөз болды.
Ардагерлер ішінен Бөдене ауылының тұрғыны Әлдин Мусағалиев сөз алып, депутаттын жақсы түсіндіргеніне ризашылығын білдіріп, қолдайтындығын жеткізіп, бірақ та атом станцияларының артықшылықтары туралы айтқанда оның экологиялық қауіпсіздігіне де назар аудару қажеттігін, радиациялық апаттар қаупі мен қалдықтарды қауіпсіз сақтау мәселесіне де мән беру керектігін атап айтты.
АЭС тапшылықты жою көзі
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 154
