АЭС құрылысы – өмірлік қажеттілік

 Мен, энергетика саласының ардагері ретінде және ел азаматы ретінде айта аламын, Қазақстан бүгінде электр энергиясының тапшылығын сезінуде.

 Жағдайды шектен шығармау үшін мәселені жедел шешу керек.

Мысалы, 90-шы жылдардың аяғында, бүкіл ел бойынша адамдар аулада от жағып тамақ дайындады. Атырауда біз бұған жол бермедік. Бірақ егер мәселені шешпесе, онда бұл жағдай қайталануы мүмкін. Атом электр станциясы, менің ойымша, энергия өндірудің ең оңтайлы нұсқасы.

АЭС қарсыластары бұл қауіпті дейді. Мен мұнымен келіспеймін. Шындығында, кез-келген өндірісте қауіпті жағдайлар болады. Бірақ бұл үшін жаңа технологиялар, қауіпсіздік ережелері және т.б. бар.

Бүгінгі таңда жаңа энергия көздерін іздеу көптеген елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін деөмірлік қажеттілік болып табылады.

Айвар Рахманов,

"Атырау ЖЭО" АҚ бірінші вице-президенті, энергетика ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT