Әдепті қызметші мемлекеттің абыройы

Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігіне, моральдық-әдептік келбетіне зор мән берілуде. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілген. Осы орайда облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі өкілі Фарида Ахметова Индер аудандық әкімшілігінде мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

Аудан әкімі М.Қалауи жүргізіп отырған кездесуде алдымен аудан бойынша Әдеп жөніндегі өкіл, аудан әкімі аппаратының басшысы Г.Сүйеуова хабарлама жасады. Хабарламада кестеге сай қабылдаулар мен кездесулер ұйымдастырылып отырғанын, қабылдауда мемлекеттік қызметшілер негізінен ұжымдағы моралдық климат, құқықтық қатынастарды қозғаса, тұрғындарды тұрмыстық және әлеуметтік мәселелер толғандырғандарын айтып өтті.

akimattttttt

Ал облыстан келген өкіл Фарида Төлегенқызының айтуынша, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын-алуға бағытында жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Сондай-ақ әдептен асқан 4 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілігін қарауға, 1 мемлекеттік қызметшіні әкімшілік жауапкершілігін тарту үшін ұсыныс берілгенін айтып өтті.

-Әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексі мен тиісті заң талаптарын мұқият сақтап, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосуымыз қажет, - деді ол.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT