Ел боламын десең...
АДАСҚАН АТАУЛАР
Аудандық "Дендер" газеті "Ел болам десең..." айдары аясында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда, Жолдауда көтерген мәселелеріне орай үнемі үн қосып келеді.
Бұл жолы да Президент айтқан Ономастика саласында белгілі тарихи тұлғалармен қатар, жалпыұлттық құндылықтар, мемлекеттілігіміз-дің басты тұғыры саналатын негізгі ұғымдарға баса мән берілді.
Қазақстанның Құрметті журналисі, модератор Сүйеу Халықов жүргізген пікір-талас мазмұнды өтіп,
басылымның бас редакторы Жанай Амантурлин, кент тұрғындары Серікқали Жұқиев, Бағытжан Құнас, Нұрбек Кеңесов, Ақмарал Қосымбаевалар жер, су, өзге де атаулар төңірегінде біраз ой қозғады. Арнайы дайындалған мақаланы газеттің алдағы санынан оқисыздар.
С.КӨШЕКОВ