Кеше 19 желтоқсанда Индер ауданына қарасты Елтай ауылының Көктөбе қыстауында отырған "Бекзат" шаруа қожалығының жұмысшысы Болат Сариевке қасқыр шауыпты.
. Ойында ештеңе жоқ шаруагер күнделікті әдетімен таңертең малға шөп салу үшін пішен аулаға барған. Сол кезде жаманауыз шыға келіп тап беріпті. Болаттың қолынан тістеп, шабуыл жасағанда қайратты жігіт қасқырмен алыса кетіпті. Сол сәтте арпалыстың дауысын естіген інісі Аманжол дереу жетіп, екеулеп ұрып өлтірген.
Ауыл ветеринары А.Мұқатов:
- Санитарлық талап бойынша миын алып, зерттеу орталығына жібердік. Сосын өлексені өртеп, көміп тастадық,- дейді.
Бұған дейін де қасқырдың адамға шабуы кездесіпті. Түз тағысының бұл шабуылы қожалықтарға үрей туғызып отыр.
Жан АМАН
Елтай ауылы