Қаңтардан бастап «жасыл» мәртебемен ғана кіруге болатын нысандар саны артады

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап ASHYQ қосымшасымен «жасыл» мәртебесі бар адамдардың ғана кіруіне рұқсат берілетін нысандар тізімі кеңейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты.

«Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, спорт орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога орталықтарына, караоке, бассейн, сауналарға, моншаларға, «Қазпошта» бөлімшелеріне, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ASHYQ қосымшасымен «жасыл» статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша алдын алу іс-шараларын енгізуді ұсынамыз», - деді ол.

Осы ретте министр міндетін атқарушы аталған норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынатынын атап өтті.

«Халықтың вакцина салуы, жаппай ревакцинация жасауды арттыру, сондай-ақ ұсынылатын эпидемияға қарсы іс-шаралар - елдегі коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлауына жол бермейді», - деді Жандос Бүркітбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521