Ақпанның алғашқы бейсенбісі - Дүниежүзілік сайлау күні

Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде белгіленген және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.

Биыл мереке 3 ақпанға сәйкес келіп отыр. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен 2022 жылдың 3 ақпаны күні Атырау облысының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында «Ашық есік күндері» өтеді, сонымен қатар сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен білім беру мекемелерінде оқитындармен «Сайлау және сайлану Конституциялық құқық» тақырыбында кездесулер жоспарланған.

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жақсарту проблемасына жұрттың назарын аудару мақсатын көздеді. Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру.

Анықтама: Атырау облысында 270 сайлау комиссиялары құрылған, оның ішінде 9 аумақтық және 261 учаскелік сайлау комиссиялары, оларда жалпы саны 1968 мүше бар.

 

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521