"Аға буын өнегесі" жарық көрді

Өз жұмысына ұдайы ізденіспен жаңашылдықты ту етіп келе жатқан аудандық ардагерлер кеңесінде тағы бір көпке тағылымды игі шара іске асты.

Дәлірек айтқанда, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеп Нұриевтің құрастыруымен «Дендердің ардақтылары» атты шағын жинақ жарық көрді. «Беліңнің мықтысы бір басыңа, Еліңнің мықтысы бір ғасырға» деген қағиданы ұстанған автор ауданның ел асқан даңқты жандарының рухына тағзым ете отырып, олардың ерлік пен еңбек дәстүрлерін ұрпақ жадына сіңіре түсуге ұмтылғаны анық байқалады. Өйткені, бұл жинаққа Индер ауданынан шыққан мемлекет және қоғам қайраткерлерінен бастап, Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегерлері, Еңбек сіңірген мұғалімдерімен басқа да атақты кәсіп иелерінің өмірбаяндары топталған.

Мұнда тұңғыш рет «Қазақ КСР-інің социалистік мал шаруашылығына еңбек сіңірген шеберлері» атағына ие болғандар мен Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланғандар, партия, комсомол органдары съездеріне делегат болғандардың да тізімі берілген. Сол секілді есімдері Қазақ КСР-інің Құрметті Алтын кітабына енгендер мен жерлес ғалымдар туралы деректерде осыннан табылады. Ал индерлік қоғамдық өмірде белсенді 100 ардагердің тізімі де тұңғыш рет шығарылып отыр.

Қысқасы бұған дейін аудандық ардагерлер кеңесінің іс-тәжірибесін қорытып, «Аға буын өнегесі» деген шағын кітапша шығарған Өтеп Қасибаұлының бұл еңбегі де жоғары бағалауға тұрарлық әрі ізденімпаз жастарға үлгі боларлық іс екені анық. Аға буынның әр ісі де кейінгілерге үлгі екені осыдан-ақ көрінеді емес пе?!

С.ХАЛЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT