Ауданда халықтың тұрғын үй салуы жылдан-жылға артып келеді. Өткен жылы 23562,8 шаршы метрін құрайтын 158, ал ағымдағы жыл басынан қосымша 16 588 шаршы метр құрайтын 96 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Есепті кезеңде ауданда әр ауылдық округте және кентте екі пәтерлік қызметтік 28 тұрғын үй (56 пәтер) бюджеттік сала қызметкерлері үшін салынып, тапсырылған. Сондай-ақ аудан орталығынан биыл 48 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысы басталса, 5 қатарлы 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін мердігер мекемені анықтауға конкурсқа жіберіліпті.
Ал Индербор кентінде салу жоспарланған 3 қатарлы 36 пәтерлік тұрғын үйдің жобасы дайын болса, 24 пәтерлік тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, сараптамаға жолданды. Қазіргі таңда аудан бойынша 1066 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген болса, бұл тұрғын үйге қажеттіліктің 272-сін қамтамасыз етеді.
Индербор кентінде қосымша көпбалалы отбасыларға және басқа да қажеттіліктерге екі пәтерлік 30 тұрғын үй салу жұмыстары басталды.
«Дендер»-Ақпарат.
Сурет: ашық дереккөзден