42500 теңгені алудың нұсқаулығы жарияланды

Coronavirus2020.kz порталы 2 сәуірден бастап жұмыс істей бастайтын Telegram бот арқылы әлеуметтік төлемдерді алуға арналған қадамдық нұсқаулықтарды жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Telegram бот арқылы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1-қадам: Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, «EgovKzBot2.0» іздеп табу керек;

2-қадам: «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдайды;

3-қадам: Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді. Деректерді жібереді.

4-қадам: Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);

5-қадам: Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;

6-қадам: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;

7-қадам: Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі. Айта кетейік, төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT