2022 жылы Қазақстанда не қымбаттайды?

2022 жылы бензин, дизель және азық-түлік бағасы қандай болады? Жылжымайтын мүлік сатып алуды қашанға жоспарлаған дұрыс? Қазақстандықтар ақшасын неге инвестициялағаны дұрыс? Осы және өзге де сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісіне қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев жауап берді.

Ауыл шаруашылығы өнімдері


Сарапшы қазақстандықтар келесі жылы "бәріне", мысалы, азық-түліктің қымбаттауына дайын болуы керек екенін айтты. Негізінен, картоп қымбаттауы мүмкін.

"Бүкіл әлемде азық-түлік өнімдері қымбаттап жатыр. Әлемде баға 40 пайызға дейін өсті. Біздің елде  баға бір жылда 11 пайызға ғана өсті. "Картоп дағдарысы" қайтадан қайталанса, ол шілдеде келеді. Бұл тұрақтандыру қорлары жұмысын дұрыс реттемеген жағдайда. Сонымен қатар, дүние жүзінде жемшөп бағасы өсті, яғни көктемде, жазда жұмыртқа және ет бағасы өседі. Жалпы, мал азығы қымбаттайды", - деп бөлісті Чеботарев.

Жылжымайтын мүлік

2022 жылы жылжымайтын мүлік бағасы туралы айтудың қажеті жоқ, дейді қазақстандық сарапшы. Өйткені Чеботаревтың айтуынша, зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткілікті шектің ұлғаюына қарамастан, Қазақстанда жеңілдіктер бар.

"Тұрғын үй бағасына келетін болсақ, келесі жылы мұндай қарқын болмайды, алайда баға төмендейтіні туралы айтып керек емес. Мүмкін, қарқын жалпы инфляция деңгейіне дейін төмендейді, өйткені тұрғын үйге деген сұраныс әлі де ұсынысқа сай. Бағдарламалар, жеңілдіктер бар. Сонымен қатар, келесі жылы ұлттық жоба аясында тағы бір бағдарламаны іске қосу жоспарланған, сондықтан қазір бағаның төмендеуін күтудің қажеті жоқ", - деп түсіндіреді қаржы сарапшысы.
Чеботарев құрылыс материалдары да қымбаттауы мүмкін екенін айтты.

Бензин және дизель

Андрей Чеботарев бүкіл әлемде экономиканың жандануы аясында әртүрлі салада қымбатшылық байқалатынын, соның ішінде оның пікірінше, энергетикалық дағдарысты да ұмытпау керек: мұнай мен көмірдің қымбаттауы.

"Сонымен қатар, бензин де, дизель отыны да қымбаттайды. Бензин қымбаттайды, өйткені бүкіл әлемнен артта қалып отырмыз. Бұдан басқа, 2025 жылы ЕАЭО шеңберінде энергия ресурстарының бірыңғай нарығы күтіп тұр. Бізде Ресеймен бірыңғай отын нарығы болады. Қазір Ресейде бензин қанша тұрады - 250-270 теңге. Бұл баға бізге біртіндеп келеді", - деді Чеботарев.
Әртүрлі салада баға болжамдары туралы айта отырып, қаржы сарапшысы қазақстандықтар үшін 2022 жыл "жеңіл болмайды" деп есептейді.

Кіріс пен сұранысты арттыру үшін Чеботарев мемлекетке сенбей, білімге инвестиция салуды ұсынады.

"Бағаны көтеру актісі дайындалып жатыр. Бір ғана кеңес бар: өз болашағын ойлайтын әрбір адам табысын көтеруді ойлауы керек. Мен кірісті арттырудың бір ғана революциялық жолын білемін, ол – білім. Оқыңыз, біліміңізді жетілдіріңіз, жаңа мамандықтарды игеріңіз. Өкінішке қарай, өмір сондай, сізді ешкім ойламайды", - деп қорытындылады қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев.


 azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT