Жерлестер үш мәрте ел чемпионы

Баскетболдан U-17 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында өлкеміздің «Атырау» командасы чемпион атанды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сынды миллионнан тұрғыны бар ірі қалалардың командаларының өзі шаң қауып қалды. Әсіресе, біздің аудан үшін қуаныштысы жеңімпаз команданың сапында индерлік Аманжан Тұрланов өнер көрсетіп, осымен үшінші мәрте еліміздің чемпионы атанып отыр.

Аманжан Тұрланов Индербордағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің түлегі, қазір Атырау қаласындағы спорт колледжде білім алуда. - Шәкіртімнің республикалық додадағы сәтті өнерінен соң U-17 бойынша Қазақстан құрамасына шақырту алды. Алдағы күндері құрдастары арасында Азия чемпионатына өнер көрсетуге дайындық үстінде, -деп қуанышымен бөлісті баскетболдан «Isker» мектеп лигасының аудандағы кординаторы және аталған орта мектептің денешынықтыру пәні мұғалімі Сабит Меңдігереев.

- Сондай-ақ айта кетейік, бұған дейін баскетболдан U-15 бойынша өткен Қазақстан чемпионатында «Атырау» командасының сапында тағы бір жерлесіміз Бақтығали Болатбектің де жұлдызы жанған болатын. Ол да үш мәрте чемпион атанып, шеберлігімен тәнті етті. Бақтығали Болатбек бүгінде М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы, бапкері пән мұғалімі Бейбіт Оспанов.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521