Таяуда ұлттық мектеп лигасы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан аудандық жарыс өтті.
Командалық ойынға Индер ауданына қарасты 11 мектептен командалар қатысып, нәтижесінде І орынды иеленген Аққала орта мектебі командасы облысқа жолдама ұтып алды. Ал ІІ орынды Махамбет атындағы, ІІІ орынды Боран Нысанбаев атындағы мектеп командалары иеленді.
- Жалпы командалық ойында 10 бала болуы керек, бізде мектеп шағын болғандықтан 7 бала ғана апардым. Әрі спорт зал да жөндеуден өтіп жатқандықтан қатысушыларды басқа мектептерден рұқсат сұрап, апарып дайындауыма тура келді. Шәкірттерім жақсы нәтиже көрсетіп, еңбегімді ақтады, - дейді риза болған бапкерлері, Аққала орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бектас Ораз.
Кішкентай ауылдың абыройын асқақтатып жүрген жас спортшылар облыста да жақсы нәтиже көрсетеді деген ойдамыз.
Ақмарал БОКИРОВА