Үмітті ақтаймын

19 наурызға бекітілген ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихатының депуттарын сайлауы да мәресіне жетті.

Баршаңызға белгілі, мен - Саламат Идрисов, “AMANAT” партиясының Индер ауданынан Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидатурамды ұсынып, аудан және ауыл тұрғындарымен кездесіп, үгіттеу жұмыстарын жүргізген едім.

“Уақыт - көшкен керуен, сырғалап аққан бұлақ” демекші, әні-міні дегенше бір ай зулап өтіп, барша ел болып мемлекетіміздің дамуы жолында азаматтық таңдауымызды жасадық. Осы орайда, осы уақыт аралығында үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласқан сенімді өкілдеріме және штаб мүшелеріне алғысымды білдіремін.

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” деп, өңіріміздің дамуына бей-жәй қарамаған қолдаушыларға, маған сенім артқан ауыл халқына ризашылығым шексіз.

Еліміз аман, әр шаңырақтың бақ-берекесі мен ырыс-ынтымағы арта берсін. Егеменді еліміздің болашағы жарқын, ертеңі еселі болсын! Мен үмітті ақтауға белсене кірісетін боламын.

Саламат Идрисов,

“AMANAT” партиясының Индер ауданынан Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521