Заңсыз телефон өткізбек болған азаматтың ісі әшкереленді

8 желтоқсан күні Атыраудағы тергеу изоляторында рентген аппараты арқылы сәлемдемелерді тексеру кезінде ыстық тамақтың ішіне жасырылған 4 ұялы телефон табылды.

Бұл сәлемдеме есірткі мен қаруды заңсыз сақтағаны үшін уақытша қамауға алынған күдіктіге арналғаны анықталды.

- Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде заңсыз сәлемдеме иесіне жетпей, заңбұзушылықтың алды алынды. Қазіргі таңда 24 жастағы «курьер» ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек Рахманов.

ystyk-tamak

Қазіргі таңда тергеу изоляторына әкелінетін барлық сәлемдемелер «Адани» рентгендік аппараты арқылы тексеріліп, заңсыз сәлемдемелердің жолы кесіледі. Айта кету керек, өткен аптада йогурттың ішінен жасыл түсті шөп пен дәрі-дәрмек табылған болатын. Табылған заңсыз сәлемдеме сараптамаға жіберілді.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі

Департаментінің баспасөз-қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT