Белгілі суретші "Жерұйығын" сыйға тартты

Дарынымен дараланып, талантымен танылған тұлғаларымыз Дендер жерінде қанаттанып әрдайым атакүлдігіне бас иіп жүретіні анық. Солардың қатарында суретші-ақын Тілек Халин ағамыздың есімі айырықша аталады.

Жақында ағамыз туған жері Дендерге арнап үлкен туындыны салып бітіріпті.

-Жақсы дүние, оқыс нәрсе шығармашыл адамға еріксіз шабыт береді ғой. Ауданда көптеген оң өзгерістер орын алып жатыр. Туризм саласы бойынша да жақсы жобалар қолға алынады екен деген жағымды жаңалық естіген сәтте сырын ішіне бүккен даламыздың тынысы ашылатын болды ғой деген қуаныш көкіректе ән салып, осы туынды салуға отырған едім. Өзгелер ұлықтап, өзіміз қадірін біліңкіремей жүрген тұз көлінің маңы да жуық жылдары абаттандырылған аймаққа айналады. Жолдар жаңғыртылып, қара балшықтан шипа іздеген жандар үшін қажеттіліктің барлығы жасалады. Жерасты қазба байлығын халық игілігіне жаратар күнді де осы туындыма арқау еттім. Небір ауыр техникалар әкелініп, тікұшақпен қатынасар сәттер де болатын секілді. Бүгінгі жасалып отырған игілікті істерге қарап ертеңгі күніміздің баянды боларына үлкен сенім ұялатып отыр. Жаңа туындымды аудандық мәдениет үйіне тарту етемін,-дейді қылқалам шебері.

Жеті ондықты еншілеген қаламгер бұл туындысына «Жерұйық» атауын беріпті. Жалпы суретші үшін биылғы жылы жемісті болып отыр. Олай дейтін себебіміз, ауылдағы сурет галереясында суретшінің бірнеше туындысы қойылса, енді бірқатар туындылары облыстағы Ш.Сариев атындағы өнер музейінде орын алып онлайн көрмеде жұрт назарына ұсынылған. Сондай-ақ ағамыз Халықаралық «Талант» сыйлығының иегері атанып, мерейі өсіп отыр. Қор президенті Қойшығұл Жылқышиевтың қолы қойылған куәлік қолына тиіп, шабыты шалқып отырған жайы бар. Осы жерде айта кетейік «Ағатай» баспасының қолдауымен ақынның бірнеше жыр жинақтары да жарық көріп, оқырман қолына тигені ел есінде. Туындылары негізінен живопис бағытында салынған еңбектер болашақта осы галереяның экспонатын көбейтсем, шеберханамды қалыптастырсам деген жоспары да бар. Суретшінің әрбір туындысы көрерменді өзіне бірден баурап алып, терең сырласуға шақырады. Сондықтан да шағын ауылдағы сурет галереясының қорын молайту басты мұрат. Оған жергілікті билік тарапынан қолдауда боларына сенім бар.

 

Сұңқар КӨШЕКОВ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика