Атырауда өткен «Atyrau Jastar Fest 2025» ұлттық онкүндігінің қорытынды гала-концертіне 20 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонақтары жиналды.
Ерекше кеште қазақстандық өнер жұлдыздары Alem мен Белучи ән салды. Гала концерт аясында киберспорт турнирінің жеңімпаздары марапатталды.
Әсерлі шоу-бағдарлама, әсем әндер мен би қойылымдары, жастардың жалынды өнері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
⠀
Бұл кеш — жастардың бірлігі мен өнерін паш еткен, Атырау қаласының мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды.