Жаз мезгілінде суға шомылу — ең сүйікті демалыс түрлерінің бірі. Алайда қауіпсіздік талаптарын елемеу ауыр қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.
Сіздерге судағы қауіпсіздік ережелерін ұсынамыз:
Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз.
Арнайы жабдықталған жағажайларды таңдаңыз. Бейтаныс немесе шомылуға тыйым салынған жерлерден аулақ болыңыз.
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Балалар тек ересектердің бақылауымен суға түсуі керек.
Мас күйде суға түспеңіз.
Алкоголь ішкеннен кейін суға түсу өмірге өте қауіпті.
Қауіпсіздік құралдарын қолданыңыз.
Жүзуді білмейтіндер үшін арнайы құтқару кеудешелері мен шеңберлерді пайдаланыңыз.
Суық немесе ағынды суға шомылмаңыз.
Судың температурасын және ағыстың күшін тексеріңіз. Ағындар мен су түбіндегі кедергілер қауіпті болуы мүмкін.
Шаршаған кезде суға түспеңіз.
Әлсіздік пен шаршау суда қауіп төндіреді.
Су ішінде бұзақылық жасамаңыз.
Өзге адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерден сақтаныңыз.
Қайық пен басқа жүзу құралдарын қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
Есте сақтаңыз: өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі — өз қолыңызда!