Биыл оқушылар емтихан тапсырмайды

Соңғы тоқсанда бөлім бойынша жиынтық бағалау 4-8 мамырда өтеді, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау 18-22 мамырда өтеді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Атырау қалалық білім беру бөлімінің бастығы Фаруза ШАНГЕРЕЕВА хабарлады делінген АқЖайық әлеуметтік желісінде.

5-8 және 10 сынып оқушыларын аралық аттестаттау, сондай-ақ бітіру емтихандарын тапсырмайды. Қорытынды бағалар тоқсан қорытындысы бойынша қойылады.

 Бұл жөнінде «Министрлік шешіміне сәйкес, қашықтан оқыту жағдайында бітірушілерді қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық баға негізінде жүргізіледі.  Аттестат пәндер бойынша жылдық баға негізінде беріледі. Ал Ұлттық біріңғай тестілеу өткізу мерзімдері өзгеріссіз қалады» делінген еді министрліктің баспасөз қызметінде хабарланған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT