Журналистерге жауап бермейтін мемлекеттік қызметшілер жауапқа тартылады

Бұл туралы өңірлік мерзімді басылымдар форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді журналистің сауалына міндетті түрде жауап беріледі. Жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады. Сонымен қатар, жауап бермейтін мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылады. Мұның барлығы журналистің ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында жасалып отыр», - деп мәлім етті Дархан Қыдырәлі.

Сонымен қоса, министр «Масс медиа туралы» ҚР заң жобасы аясында журналистердің әлеуметтік жағдайын жақсарту жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Қазір заң жобасы қаралып жатыр. Онда журналистердің жеңілдікпен пәтер алуы, ауруханаларда жеңілдіктер пайдалануы туралы нормалар бар. Ең қарапайымы – «Pressa» деген жазуы бар көлікті кез келген жерге қою немесе мекемелерге кіру сияқты көптеген жеңілдіктерді қарастырып отырмыз», - деп бөлісті министр.

  

Сурет ашық дереккөз

 
 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз