ЖАС ГЕОЛОГТАР ОЛИМПИАДАСЫ

Ақмола облысының Бурабай ауылындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының базасында оқушыларды патриотизмге, Қазақстанның табиғаты мен минералдық ресурстарына ұқыптылықпен қарауға және оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында жас геологтардың VІ Қазақстандық ашық далалық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиадағы Қазақстанның 13 командасымен қатар көрші Белорусь, Өзбекстан, Татарстан Республикасының командаларымен бірге ауданның «Индерборит» командасы қатынасып, біліктіліктерімен танылып қайтты.
Бірнеше бөлімді қамтыған олимпиаданың «Геологиялық разряд» жарысында «Индерборит» командасының мүшесі Ж.Кенжеғали ІІ орын, «Қауіпсіздік техникасы негіздері» жарысында команда мүшелері Е.Мағзом, А.Руслан, Ә.Қанат ІІІ орын, геологиялық конкурстардан «Фотосуреттер» жарысында А.Самигуллин ІІІ орын, ал «Геологиялық ескерткіштер сипаттамасы» жарысында Е.Мағзом, Ә.Қанат ІІ орын иеленді және олимпиада қорытындысымен барлық оқушылар арнайы сертификатпен марапатталды.
Осы орайда, оқушыларды олимпиадаға дайындап, қарым-қабілеттерінің мүмкіншілігін көрсетулеріне септігін тигізген жетекшісі Ақмарал Мағзомқызының еңбегі зор екенін айта кеткен жөн.
Ал, тарихымызды танып, жан-жақты білімдерін жетілдіріп жүрген оқушыларымызға алдағы сайыстарда да сәттілік тілейміз.

 

Жадыра Н

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз