Жұмсалған қаржының «жоқтаушысы» бар

Индер ауданында қазынадан қаржы қаралып, халықтың игілігі үшін әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатқаны белгілі. Бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы басты назарда ұсталуы тиіс. Бұл ретте бұқараның талап-тілегі де алғы орында болуы шарт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады»,-деп атап көрсеткен болатын.  Яғни айтқанда бұқара тарапынан айтылған қандайма болмасын сыни пікірлер мен, өтініштер, талап-тілектердің ешбір назардан тыс қалмайды.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов ауданға келіп, салынып жатырған әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Көптің тілегіне назар аударды.

-Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген жоба жетекшісі алдымен «Болашақ» мөлтек ауданында өткен жылы жаңадан бой көтерген «Ару-Ана» тұрғын үй кешенінде болды. Қыстың алғашқы айында пайдалануға беріліп, көп балалы отбасылар үйлі болды. Алайда көптің қуанышы алысқа ұзамай, алаң-көбең қыста төбесінен су кетіп, жұрттың жанайқайы әлеуметтік желі арқылы көптің назарына жетті. Осыған орай жергілікті атқарушы билік алқалаған әлеуметтің орынды пікіріне назар аударып, баспананы салып берген жеке кәсіпкерге кемшілікті қалпына келтіру жөнінде ұсыныс беріліп, қажетті жұмыстар жасалуда.

-Бұл мәселемен біздер жақсы таныспыз. Тұрғындардың талабы орынды деп білемін. Сондықтан халық қаражатына салынған түрғын үйдің сапасы басты назарда болуы шарт. Бұл жерде баспананы салып берген азамат та түсіністік танытып, қайткен күнде де қарашаның жағдайымен санасуы қажет, -деді республикалық жоба жетекшісі Төлеген Зинешұлы.

Жалпы бұл жерде әрбір баспананың құны 14 млн. барлығы 630 млн. теңгеге жуық қаражатқа бағаланған 45 баспана салыныпты.

dsc_0023

Баспана демекші ауданымызда бұрындары халықтың өз қаражаты есебінен баспаналар салынып келген болса, ендігі жерде қазынадан қомақты қаржы бөлініп жаңадан көп қатарлы тұрғын үйлер салыну үстінде. «Көктем» мөлтек ауданының шығыс жақ бөлігіне қарай бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысқан топ мұндағы құрылысшыларға ең алдымен сапа мәселесіне баса назар аударуға үндеді.

Айта кетуіміз қажет, өткен жылы ауданда құны 5 млрд. 502. 871. 692 теңгені құрайтын 21 құрылыс нысаны қолға алынса, соның басым бөлігі, яғни 9-ы осы маңда орналасқан. Атап айтқанда 4-48, бір бес қатарлы 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүру үстінде.

Жоба мүшелері мұнан соң кенттің Барлаушылар бөлігінде орналасқан ескі су тазарту қондырғысы орналасқан мекенге келді. Бұл жерде едәуір өзгеріс байқалғандай. Ұзақ жыл жөндеу көрмей құрдымға кете жаздаған су тазарту қондырғысына түбегейлі жаңғырту жұмыстары жүру үстінде. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жо-лаушылар көлігі бөлімінің тапсы-рысы негізінде құны 305 млн. 990 мың теңгеге бағаланып отырған күрделі жөндеу жұмыстарын ақтөбелік «Таған» ЖШС өткен жылы бастаған. Сәтін салса алдағы күзде аяқтауды жоспарлап отыр. Жұмыс барысымен танысқан республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеті. Сондықтан бұл бағытта жасалар жұмыс мінсіз болуы керек.

-Өздеріңіз білесіздер Мемле-кет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің қазынасынан жұмсалған әрбір қаражаттың жоқшысы бар екенін баса айтып келеді. Яғни жасалатын жұмыстың соңында міндетті түрде оның жұмсалуы қадағаланатын болады. Сондықтан сіз бен біз осы жұмыста өте мұқият болуымыз қажет,-деді.

Пайдалануға берілгеніне 20 жылға жуықтап қалған «Көктем» қазақ орта мектебінің ғимаратына қосымша салынып жатырған 80 орындық жапсаржай да елордалық бақылаушылардың назарында болды. Бұл жерде қажетті құрылыс жұмыстары аяқталып болған. Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларына қажетті жиһаздар орналастырылуда. Мектеп директоры Гүлзада Құсайынова алдағы оқу жылына мектепті толыққанды дайын етудің жұмыстары жүргізіліп отырғандықтан сапа мәселесіне де баса назар аударып отырғанын тілге тиек етті.

Өткен жылдардан бері ауданымызда жол құрылысы қарқын алғаны белгілі. Халық қазынасына қажетті қаржы да қаралып, кезең-кезеңімен жұмыстары жасалуда.-Жалпы елімізде жол құрылысына қатысты сыни-пікірлер көп айтылады. Ол бағытта республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне келіп түсетін хаттарда да сан жоқ. Өйткені жұмысты атқаруды міндетіне алған кейбір мердігерлер тарапынан көп қателіктер орын алып жатады. Олар өздеріне жүктелген міндеттеріне жүрдім-бардым қарайды. Сұрау салушы мекемелер тарапынан да зор қателіктер кетіп жатады. Айналып келгенде қарапайым халық зардап шегеді. Сондықтанда бұл жерде ондай қателікке жол берілмейді деп санаймын,-деді республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов.

Осы құрылыс жұмыстары жөнінде аудан әкімінің орынбасары Ақтілек Мусағалиев қосымша түсініктер беріп жүрді. Сондай-ақ жастар орталығында ашылған Адалдық алаңы кеңсесінің жұмыс бөлмесімен танысып, бірқатар ұсыныстарын білдірді.Елордадан келген азаматтар кент орталығында тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, халықтың-көңіл күйін білді.

Халықтың дені бүгінгі таңда ауданда жасалып отырған жұмыстарға риза екендіктерін тек жұмыссыздық мәселесін ше-шуде ыждағаттылық танытса де-ген пікірлерін білдірді. Жалпы ауданда іргелі істер атқарылып отырғанын көріп, бұл ісі әрі қарай да оңынан жалғаса береріне сенім білдірді.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT