Зейнетақы 7, жәрдемақы 5 пайызға артты

2020 жылдан бастап жасына байланысты ынтымақты зейнетақы 7%, ал жәрдемақылар 5% өсірілді.

2019 жылы мүгедектігі бар 1145 (орташа есеппен) азаматқа 570 млн. 735 мың 437 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Жаңадан мүгедектік топ белгіленген 8 6 - адамға жәрдемақы тағайындалды. Сондай-ақ 325 (орташа есеппен) асыраушысынан айырылған отбасына жыл бойына 141 млн. 471 мың 434 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2019 жылы асыраушысынан айырылуына байланысты жаңадан тағайындалған жәрдемақы саны- 29. 1- тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда және 2- тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда жасағандарға берілетін мемле кетті карнайы жәрдемақыларға жыл бойына төленген сома- 1 млн. 379 мың 740 теңге. Сонымен қатар, 947 (орташа есеппен) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (льгот) алушылар бар, оларға жыл бойына 95 млн. 915 мың 329 теңге ақша төленді.

«Алтын», «Күміс» алқалы және «Батыр ана» атағы бар көп балалы аналарға ай-сайын 16160 теңге төленіп тұрды, 2019 жылдың 12-айында 740 (орташа есеппен) адамға 143 млн. 826 мың 585 теңге төленді. Жыл ішінде «Алтын», «Күміс» алқаларымен жаңадан 23 жас ана марапатталып, жәрдемақылары тағайындалып төленуде. 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедек баланы және 18 жастан асқан бала жастан бірінші топ мүгедекті үйден бағып күткені үшін қамқоршысына ай-сайын 41578 теңге төленді.

Жыл ішінде осындай мүгедектердің 214 (орташа есеппен) күтушісіне төленген қаражат: 94 млн. 498 мың 978 теңге. Сонымен қатар, 2019 жылдың 12 айында жаңадан бала босануына байланысты 7 0 6 отбасыға 79 млн. 976 мың 640 теңге көлемінде бір дүркін жәрдемақы және баланың бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне республикалық бюджеттен 67 млн. 364 мың 684 теңге жәрдемақы төленген болатын. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан» төленетін 5 түрлі әлеуметтік төлемдер бар, олар: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленеді. 2019 жылдың 12 айында 1100 (орташа есеппен) азаматқа 295 млн. 389 мың 462 теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға жаңаша жәрдемақы төленуде, осыған байланысты 2019 жылдың соңғы желтоқсан айында аталған жәрдемақыны уақтылы тағайындап төлеу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Қаңтар айында 807 отбасына 37 млн. 765 мың 815 теңге төленді. Аталған жәрдемақының табыс көзіне қарамастан бала санына қарай төленетін сомасы төмендегідей: 4 баласы бар отбасыға – 42496 теңге 5 баласы бар отбасыға – 53127 теңге 6 баласы бар отбасыға – 63757 теңге 7 және одан көп баласы бар отбасыға – 74388 теңге .

Айта кетейік, 2019 жылдың 12 айында аудан бойынша 3674 (орташа есеппен) зейнеткерге 2 млрд. 215 млн. 890 мың 971 теңге зейнетақы және жәрдемақы 1 млрд. 187 млн. 083 мың 694 теңге базалық зейнетақы төлемі есептеліп төленді. жыл бойына зейнет жасына толуына байланысты 192 азаматқа жаңадан зейнетақы тағайындалды.

Г.ЖАЛГАСБАЕВА,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Атырау облысы бойынша филиалының

Индер аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика