Заң мен тәртіпке сүйенген қоғам – мықты мемлекет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауындағы «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деген сөзі – қоғамға үлкен ой саларлық қағида.

Әділет пен тәртіп бар жерде ғана тұрақтылық пен даму болады. Әсіресе жаңа технологиялар, жасанды интеллект пен цифрландыру дәуірінде заң үстемдігіне сүйену – ең маңызды шарт. Өйткені заңсыздық орын алса, кез келген реформа мен жаңалықтың жемісі болмайды.

Сондықтан Президентіміз атап өткендей, құқық қорғау жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқығын қорғау және әділеттілікті қамтамасыз ету – мемлекеттіліктің іргесін бекіте түседі. Заңға бағынған қоғам – мықты мемлекет пен әділетті қоғамның кепілі.

Бұл бастамаға әрбір азамат үн қосып, заңды құрметтеуге, тәртіпті сақтауға үлес қосуы тиіс деп санаймын.

Гүлфара Егізбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT