Өткенді бағалау – оң көзқарас

Жаңа мақалада Елбасы «Қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған.

Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әрі де жатқанын айғақтайды» деп, бұл тұрғыдағы сақтар мен ғұндар, басқа түркі халықтарының арғы бабаларының ежелгі қам-қарекеттерін екшеп, түсінікті тұжырымдармен пайымдайды.

Сөз жоқ, Елбасының бұл мақалада қозғалған жайлар бұрындағы әр деңгейде сөз болып, көтеріліп жүргенімен, нақты міндеттер деңгейіне жетпеген-ді. Бүгінгі мақала сол көпірді салып, нақты жұмыстарды атқарып, тарихи санамызды тереңдете түсуіне негіз қалап отыр. Бұл еңбек сонысымен де құнды деп ойлаймын.

Мәселен, «Алтын адам» тақырыбында «Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған» деумен бірге алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін, Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етіп, тіпті ең көне жазуды да білгендігін мақтанышпен баяндайды. Яғни өткенін біліп, құрметтегеннің келешегі де кең болатынын дәлелдейді.

Талапқали ИДЕКЕШОВ,

аудандық тарихи-өлкетану мұражайының маманы.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика