Шетелдік көлікті заңдастырудың бірінші күні 100 адам жаңа нөмір мен құжат алды

ҚазАқпарат - 23 қаңтарда елде шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны басталды. Сағат 18:00-дегі ақпаратқа сәйкес 2000-нан астам өтінім мақұлданған, оның ішінде 100 адам тиісті құжатын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

– Құжаттары толық азаматтар мемлекеттік нөмірлік белгілерін алып, өз көліктерін сәтті заңдастыруда, – деп хабарлады ІІМ.

Азаматтарға ХҚО-ларда мамандар көмектесіп жатыр. Мұнда кеңес алып, базалар бойынша құжаттарды тексеруге мүмкіндік бар. Әрбір өтінім жеке қаралады. Қосымша сұрақтар туындаған автокөлік иелеріне қажетті ұсыныстар беріледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT