Шетел азаматтарының еңбегін заңсыз пайдаланғандар жазаланды

Аудан әкімі Мейірім Қалауи төрағалық жасаған әкімдік жанындағы құқық бұзушылық профилактикалық және ведомоствоаралық комиссия отырысында аудандық полиция бөлімі бастығы Берікқали Джанзаков заңсыз жұмыс көшін тарту және көші-қон заңын бұзғандарға қатысты шаралар қабылдау туралы хабарлама жасады.

Оның айтуынша, өткен жылы аудан көлемінде 691 шетел азаматы тіркелсе, олардың басым бөлігі - Өзбекстан азаматы. Сонымен қатар шетел азаматтарының еңбегін заңсыз пайдаланған 8 Қазақстан Республикасының азаматына әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті көлемде айыппұл салыныпты.

Ал жолпатрульдік полиция инспекторлары мас күйінде автокөлік жүргізген шетел азаматын ұстап, хаттама толтырып, жүргізуші куәлігінен айырылғанын айтты.

Диас АЙБАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT