Ұрпақ білімді болса – мемлекет қуатты болады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында  білім саласына ерекше назар аударылғаны көңіл қуантады.

Шын мәнінде, сапалы білім – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізі. Қазіргі заманғы жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дамыған дәуірде жастардың терең білім алып, озық дағдыларды меңгеруі – ел болашағының кепілі. Президентіміз атап өткендей, білім беру жүйесін заман талабына сай жетілдіру, мұғалімдердің мәртебесін көтеру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау – мемлекетіміздің тұрақты дамуына жол ашады.

Бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан әрбір азамат сапалы білім алу ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғам игілігіне еңбек етуге талпынуы қажет.

Асел Қағазова

кент тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT