Құрманғазы ауданында бірнеше жылқы малының белгісіз себептен өлгені анықталды

«Исатай және Құрманғазы ауданында бірнеше жылқы малының белгісіз себептен өлгені анықталды»,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникация қызметі. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшсы Амангелді Саламаттың айтуынша, олардың себебін анықтау үшін 25-наурыз күні жергілікті ветеринар мамандар сынама алып, Ұлттық ветеринариялық референттік орталыққа тапсырған. Аталған орталық жылқыларда инфекциялық анемия мен ринопневмония аурулары яғни аса қауіпті жұқпалы аурулар болмағанын анықтады.

Ал ветеринария мамандары олардан паразитарлық ауру белгілеріне ұқсас жағдайды байқағандықтан, облыстық ветеринариялық зертханаға да паразитарлық ауруларды анықтау үшін сынама тапсырылды. Зерттеу нәтижесі шыққан соң қосымша жарияланады.

Малы ауырғанын хабарлаған бірнеше азаматтың жылқыларына қазіргі уақытта жергілікті жердегі ветеринар мамандары симптоматикалық емдеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ облыс әкімдігі өңірге Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу  институты мамандарын алдыруда.

Олар ертең яғни 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында аталған аудандарда сынама алып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз