"Қыз жасауы" тігін шеберханасы ашылды

Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында бүгінде өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелеткендердің саны артуда.

Ата-бабалар кәсібін қайта жаңғыртып үш жылдан бері тігінмен айналысып отырған Данара Есмұратова солардың бірі. Ол тұрмысқа қажетті көрпе, жастық, құрақ көрпелерді қазақы ою-өрнекпен тігеді. Тігіншілік өнерін жеке кәсіпке айналдырып, бизнесін ашуды ойластырған ол «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының «Бастау-Бизнес» жобасы аясында тігін курсын аяқтап, грант жеңімпазы атанып, 505 мың теңге қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді. Осылайша  «Қыз жасауы» атты тігін шеберханасының ашылу салтанаты өтті.

-Аудан жұртшылығы сіздің қолыңыздан шыққан қыз жасауын, жапқыштар мен қазақтың ұлттық нақышы бедерленген бұйымдарын пайдаланып, кәделеріне жаратсын.Сіздердің бастамаңызға сәттілік тілеп, ісіңіз алға қарай өрлей берсін,- деген тілегін алдымен кент әкімі А.Аймұратов жеткізді.

Жаңа нысанның лентасын аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Д.Сариев пен ұстаз Б.Набидулақызы қиып, келген қоңақтар шашу шашты.

dsc_1325

-Жұмысты енді бастадық. Тұтынушылардың тапсырыстарын қабылдап, көңілдерінен шығатындай етіп дайындасам, мен үшін үлкен абырой. Тұрғындарға қазақтың ою-өрнекті көрпелерін, киіз үй жабдықтарын заманға сай әзірлеу менің алда тұрған басты мақсатым. Азға қанағат етіп, тапсырыс берушінің жағдайына қараймын. Менде мынадай баға деп қатып қалатын кездер жоқ. Тапсырыс алған соң, уақтылы дайындап беруге бар күшімді жұмсаймын. Тұтынушымен жұмыс істеп отырған әрбір кәсіпкер үшін жауапкершілік пен тиянақтылық бірінші кезекте болуы керек, – дейді жеке кәсіпкер Данара Ерболатқызы.

Тігін шеберханасында үш қызметкер жұмыс жасайды. Сондай-ақ, заманауи тігін машиналарымен және басқа да құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жұбайы Қаражанов Руслан мен 3 баланы тәрбиелеп отырған жас тігінші «Қанағат қарын тойғызады» қағидасын берік ұстануда. Біз де жаңа нысанның тыныс-тіршілігімен егжей-тегжейлі танысып, олардың жұмысына сәттілік тіледік.

Гүләлия ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521