Он төрт түйенің иесі кім?

Кешелі бері әлеуметтік желілерде түйелердің иесі ізделіп, суреттері таратылуда.

«Ассалаумағалейкум ағайындар, мына сіздерге жіберіп жатқан суретім біздің Повладар облысы Баянауылда біздің жайлауымыз жанында, міне, бір ай болды осы түйе жүр. Жіберген себебім, бір сөздер шығып жатыр Заподный Казахстаннан түйелер жоғалған дейді біреудің. Мүмкін ұрлап біздің жаққа әкеліп, одан бұл түйені шығарып алды ма, бір ай болды ешкім іздеп келмеді. Себебі біздің жақта түйе деген атымен жоқ. Түйенің не екенін көрмегенімізге бір жетпіс жыл болған шығар. Сондықтан міне біздің жайлау жанында жайылып жүр. Кеше жігіттер жем-шөбін беріп қойған обал ғой деп. 14 түйе «О» деген таңбасы бар. Сіздер жақта біреу түйелерін жоғалтса...

Біз ойлаймыз біреу ана жақтан ұрлап бір жерден түсіріп алды ма, шығарып алды ма? Енді алып кету керекқо... Біреу қиналып жүрген шығар осы түйесін іздеп... » - деп хабарламасымен бөлісіпті Дүйсенбай аға желі қолданушыларға жолдаған сөзінде.

Түйелер ол жаққа өз аяғымен келмейтіндігін, жан-жаққа хабарлап жатқанын, олар алыс  Атырау, Ақтау,  Ақтөбе, Орал облыстарынан келген болуы мүмкіндігін де жеткізген. 

Ендеше түйесіз өлке - Баянауылда жүрген ойсылқараның иесі кім болды екен?

«Дендер»-Ақпарат

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика