Округ әкімі сайланды

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңына сәйкес Бөдене ауылдық округі әкімі лауазымына үш үміткер түсіп, олардың сайлауалды бағдарламалары алдын ала баспасөз арқылы жария етілген болатын.

Аумақтық сайлау комиссиясының белгілеуімен 2019 жылдың 30 сәуірінде Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі ғимаратында өткен сайлауға жерлестерінің сенімін арқалаған аудандық мәслихаттың депутаттары жиналып, өз қалауларын дауыс беру арқылы танытты.

Дауыс беру оларға тиісті заң талаптары мен ережелерін аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділгерей Сәкенов жан-жақты таныстырған соң басталды.

Сайлау қорытындысында үміткер Жанболат Самиғоллаұлы Ғизатов 8 дауыс жинап, айқын басымдықпен Бөдене ауылы әкімі болып сайланды.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз