Президентінің 2025 жылға арналған Жолдауында халықтың тұрмыс сапасын арттыру басты басымдықтардың бірі ретінде айқындалды. Бұл бағытта жол, ауызсу және электр энергиясы сияқты негізгі инфрақұрылым мәселелерінің шешілуі – ел дамуының нақты көрсеткіші.
Жол – экономиканың күретамыры. Сапалы жол қатынасты жеңілдетіп қана қоймай, ауыл мен қала арасын жақындатып, кәсіпкерлік пен қызмет көрсету саласының дамуына жол ашады. Ал таза ауызсумен қамту – халық денсаулығының негізі. Су мәселесі шешілген елді мекенде өмір сүру деңгейі де, санитарлық жағдай да жақсарады.
Электр энергиясының тұрақты әрі үздіксіз берілуі – білім, медицина, өндіріс пен тұрмыстың ажырамас бөлігі. Жарық бар жерде даму бар. Сондықтан бұл үш бағытты қатар дамыту – әлеуметтік тұрақтылықтың берік іргетасы.
Жолдау аясында инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуі халықтың мемлекетке деген сенімін арттырып, өңірлердің әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Жол, су, жарық мәселесі шешілген жерде елдің ертеңіне деген үміт те нық болады.
Б.Каукенов
ауыл тұрғыны


