НАШАҚОРЛЫҚ – АДАМЗАТ ҚОҒАМЫН АЛАҢДАТЫП ОТЫРҒАН ЕҢ ӨЗЕКТІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ. ОЛ АДАМНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҒАНА ЕМЕС, РУХАНИ ДҮНИЕСІН, ОТБАСЫН, ТІПТІ БҮКІЛ ҚОҒАМНЫҢ БОЛАШАҒЫН КҮЙРЕТЕДІ. СОНДЫҚТАН НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ
Есірткі заттары адам ағзасына тез тәуелділік тудырады. Бір рет қолданудың өзі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Нашақор адамның ойлау қабілеті төмендеп, мінез құлқы өзгереді, өмірге деген қызығушылығы жойылады. Уақыт өте келе ол қылмысқа, зорлық зомбылыққа және басқа да заң бұзушылықтарға баруы мүмкін. Жастар – нашақорлықтың ең осал құрбандары. Қызығушылық, жеңіл ойлау, жаман ортаға еліктеу жастарды бұл қауіпті жолға жетелейді. Сондықтан жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру, саламатты өмір салтын насихаттау аса маңызды. Спортпен шұғылдану, білімге ұмтылу, пайдалы істермен айналысу – нашақорлықтың алдын алудың ең тиімді жолы. Мемлекет тарапынан есірткіге қарсы күреске бағытталған заңдар қабылданып, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен бұл күресте ата-ананың, мектептің, қоғамның рөлі ерекше. Әр адам өз айналасына бейжай қарамай, нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Нашақорлық – болашаққа балта шабатын қауіпті дерт. Оған қарсы тұру үшін барлығымыз бірігіп әрекет етуіміз керек. Саламатты өмір салтын таңдап, саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана біз «Нашақорлыққа жол жоқ!» деп нық айта аламыз. 2025 жылғы же дел профилактикалық «Қарасора-2025» шарасы ая сында Атырау облысында 13 құқық бұзушылық дерегі тіркелді, олардың кейбірі қылмыстық iске айналған. Осы шара барысында заңсыз айналымнан 17 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Бұдан бөлек сол шара ая сында Индер ауданы тұрғынынан 16 келі қарасора тәркіленгені анықталды
Ж.САТТЫГУЛОВА,
аудандық Отбасын қолдау орталығының заңгері


