Атырау облысында әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған ұлттық ақпараттық науқан өтуде

Бүгінгі таңда Атырау облысында әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған Ұлттық ақпараттық науқан жүзеге асырылуда. Аталған науқан аясында кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнамалық актілер, салық саласындағы өзгерістер және мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты түсіндіру мақсатында арнайы жиын ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры, мемлекеттік кірістер департаменті мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері, қаржылай қолдау көрсететін институттардың басшылығы, ауыл шаруашылығы басқармасы, Іскер әйелдер қауымдастығы, сондай-ақ қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері қатысуда.

 

Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылғы 1 желтоқсанға өңірде 70 046 дара кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 45 пайызы, яғни 32 мыңнан астамы – әйел кәсіпкерлер. Бұл көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда 2,3 пайызға артқанын көрсетеді.

 

2025 жылы Атырау облысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға жалпы көлемі 11,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 5,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 4,8 млрд теңге қарастырылған.

 

Қазіргі таңда осы қаражат есебінен жалпы сомасы 37,4 млрд теңгені құрайтын 186 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 92 әйел кәсіпкердің жалпы құны 3,9 млрд теңгені құрайтын жобалары мемлекеттік қолдауға ие болды.

 

Ұлттық ақпараттық науқан өңірде әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға, бизнес жүргізуге қолайлы орта қалыптастыруға және экономиканың дамуына серпін беруге бағытталған.

 

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT