ОҚУ ОЗАТТАРЫ

Жалпы білім беру  ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткен XXIII республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңіне ауданнан 3 оқушы қатынасып, жүлделі орындарға ие болды.   
Атап айтсақ, "Көңілім әнді ұғады" бағамы бойынша М.Әуезов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Айшабибі Ален (жетекшісі: Балғаным Бақтиярова) ақынның әнін орындаса, "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" бағамы бойынша бақ сынаған Махамбет атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Фатима Зинел (жетекшісі: Назгүл Қыстаубаева) өз жанынан өлең шығарып, ақындық қырымен танылса, "Ұлылар әлемі" бағамы бойынша Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Нұрайым Нұрмұханқызы (жетекшісі: Жанар Саумекова) Абай шығармаларына арналған эссе жазып, үш оқушы да жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Шәкірттерін додаға дайындаған ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз.     

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT