Министрліктегілер улы зат шашылды деген ақпардың жалғандығын жеткізді

Денсаулық сақтау министрлігі түнде улы зат шашылғаны туралы хабарламаға қатысты жауап берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде түнгі сағат 2:00 шамасында балаларға улы зат шашылғаны туралы хабарлама тарап жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды.

"Сіздерден, құрметті азаматтар, әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған хабарламаларға сенбеуді сұраймыз, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты сіз Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында және министрліктің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан ала аласыздар", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз деді министрліктегілер.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика