Мереке қарсаңында "Өрлік" наубайханасы іске қосылды

Мереке қарсаңында Индер ауданына қарасты Өрлік ауылдық округінде "Өрлік" жаңа наубайханасы іске қосылды. Жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрайтын наубайхана 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсібін дамытқан нысанның салтанатты ашылуы өткізілді. Салтанатты шараға ауыл әкімі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Дулатбай Сариев, «Атамекен» ҰКП Индер аудандық филиалы қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

naubaj111

Ауыл әкімі Серік Сисатов нысанның ашылуымен құттықтап, ауылдағы кәсіпкерлік саласының қарқын алып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін қаладан, аудан орталығынан тасымалдау кейде қиындықтар туғызатын, міне бүгін өз наубайханамыз ел игілігіне жұмыс жасайды деп ризашылығын білдірді.

«BekSal» Жеке кәсіпкерлігінің директоры Бибігүл Шахманованың айтуынша, бүгіннен жұмысын бастаған наубайхана тәулігіне 108 нан мен кондитерлік өнім түрлерін дайындауда.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

naubaj1

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз